Бас жаңалықтар
Түркістан облысының полицейлері кезекті көкпарды тоқтатты
03 Наурыз 2021, 15:15 391

Түркістан облысының полицейлері кезекті көкпарды тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларының негізінде, карантин режимі кезінде бірқатар шектеу шаралары қойылған. 

Осы бағытта Қазығұрт АПБ-ның полицейлері карантин режимін және шектеу шараларын сақтау үшін құрылған топпен бірге профилактикалық жұмыстарды тұрақты жүргізуде. 

Осындай кезекті рейдтік шара барысында күндізгі 15:30 шамасында  Қазығұрт ауданының ауылдарының бірінде көкпар ойынының өтіп жатқаны анықталған. 150-ге жуық адам жинап «Бата көкпар» ұйымдастырып, карантин режимін және шектеу шараларын сақтамаған  44  жастағы тұрғынға қатысты іс-құжаттар жинақталуда. ҚР ҚК-нің 425-бабы  «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша жинақталған құжаттар Қазығұрт  аудандық СЭББ-на жолданды, - деп хабарлады полиция бөлімінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ақпан айының 24-і  күні  Қазығұрт  ауданына қарасты Қазығұрт, Қарабау ауылдарында жасырын түрде көкпар ойыны ұйымдастырылғаны анықталды. Жалпы өтіп жатқан көкпарға 400-ге жуық адам жиналған. Жиналған ақпараттардың учаскелік полиция инспекторлары  заңды шешімін қабылдау үшін СЭББ-на жолданды.

Тәртіп сақшылары көкпар ойындарын тоқтатып, жиналғандарды тарқатты. Атап айтсақ, жыл басынан бері облыс көлемінде 30-дан астам  көкпар өткізілгені анықталып, дер кезінде тоқтатылған. 

Түркістан облысының полицейлері азаматтарды карантин режимін қатаң сақтауға, медициналық бетперде киюге және әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады. 

                                              


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...