Түркістан облысының полицейлері 22 отбасыға азық-түлік таратты

3 Желтоқсан 2020, 10:21
1648
Бөлісу:
Түркістан облысының полицейлері 22 отбасыға азық-түлік таратты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері 22 отбасыға арнайы жылқы сойып, етін және  азық-түлік таратты.

Түркістан облысы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының командирі Қанат Ділдабековтің ұйымдастыруымен өзгелерге үлгі боларлық үлкен қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. 

Мейірімділік пен қамқорлыққа бастайтын шарада арнайы жасақ қызметкерлері  бірауыздан келісіп, көпбалалы және  тұрмысы төмен  отбасыларға қолдан келгенше көмектесуді шешті. Осылайша, тиісті қаражаттарын жинап, жылқы алып сойып, Бекзат мөлтек ауданының имамы Ғалымжан Жанқожаұлы  арнайы құран бағыштады. Тәртіп сақшылары  жаңа сойылған жылқы етін жағдайы төмен  22 отбасыға  азық-түлік, киімдермен қосып  таратты. 

Түркістан облысының полицейлері 22 отбасыға азық-түлік таратты

Полицейлерден жан жылытар  қамқорлықты сезінген  тұрғындар игі іске ұйытқы болған жандарға  өз алғыстарын білдірді. 

Полиция департаментінің арнайы жасақ бөліміне үлкен алғысымызды айтамыз. Бізге қысқы маусымға жететін тұрмысқа қажетті азық-түлікті, етімен қосып әкеліп берді. Жұмыстарыңызға табыс тілейміз, - деп ыстық лебіздерін білдірді. 

Түркістан облысының полицейлері 22 отбасыға азық-түлік таратты

Дәстүрге айналған бұл игі шаралар алдағы уақытта да полицейлер тарапынан өз жалғасын таппақ. 

Тәртіп сақшылары кез келген қиын шақта тұрғындардың жағдайы жақсаруы үшін кішкене де болса өз үлестерін қосып, қайырымдылықтың, адамгершіліктің жарқын үлгісін көрсетуде. Ең бастысы, еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін болсын, - дейді ішкі істер саласының ішіндегі қауіпі пен қатері көп арнайы жасақ қызметкерлері. 
Өзгелердің жаңалығы