Түркістан облысының ауылдарында 240 мұғалім тапшы

4 Мамыр 2022, 06:28
2256
Бөлісу:
Түркістан облысының ауылдарында 240 мұғалім тапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының ауылдарына 240 мұғалім керек 

Мұны Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова хабарлады.

Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғаліміне – 54, математика пәні бойынша – 30, ағылшын тілі пәні бойынша – 22, физика пәні бойынша –12, химия –12, тарих пәні бойынша –13 және бастауыш сынып мұғалімдеріне 13 бос орын бар.

Оның сөзінше, мұғалім тапшылығы байқалатын аудандар қатарына: Жетісай – 34, Бәйдібек –33, Қазығұрт – 24, Төлеби – 24 және Мақтаарал – 20 жатады.

Өзгелердің жаңалығы