Бас жаңалықтар
Түркістан облысының ауданында футбол манежі ашылды
01 Желтоқсан 2020, 10:34 170

Түркістан облысының ауданында футбол манежі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сайрам ауданы, Ақбастау ауылында жастарға арналған жабық футбол манежі пайдалануға берілді. Ғимарат футболшылардың жыл он екі ай бойы жаттығуына мүмкіндік береді. 

Жастардың жолдастық кездесулер өткізуіне барлық жағдай жасалған. «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай өткен ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков спортшыларды құттықтап, жастарға үлкен сенім артылғандығын айтты.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ауданымызда биылдыққа Ақсукент, Ынтымақ және Шапырашты ауылдарында да осындай жабық манеж бой көтерді. Бұл игі бастама ауданымызда әрі қарай жалғасын табатынына сенімдімін, - деді ол.
Республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде Ақсукент, Ынтымақ және Шапырашты ауылдарынан жабық футбол манеждері жастар мен ауыл тұрғындарына пайдалануға берілді. Айта кетейік, Сайрам ауданындағы мұндай жабық футбол манеждерінің саны 20-ға жетіп отыр.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...