Түркістан облысының әкімі өз таңдауын жасады

9 Маусым 2019, 10:01
2111
Бөлісу:
Түркістан облысының әкімі өз таңдауын жасады
PHOTO
Фото: автордан

 

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев таңғы сағат 9.00-де Түркістан қаласындағы №133 сайлау учаскесіне келіп өзінің таңдауын жасады. 

Аталған сайлау учаскесі өңірдің орталығы Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында орналасқан. 
Түркістан облысының әкімі өз таңдауын жасады

 

Осылайша, облыс басшысы Өмірзақ Естайұлы 9 маусым күнгі тарихи сәтте сайлауға келіп дауыс берген азаматтардың қатарында болды. 

«Бүгін еліміздегі ең үлкен саяси науқан аяқталып жатыр. Еліміздің президентін кезектен тыс сайлауы өтуде. Осыған орай, барлық сайлау учаскелері ашылды. Облысымызда 889 сайлау учаскесі бар. Халық өте белсенді қатысып жатыр. Өздеріңіз көріп тұрсыздар, кезекте тұрған адам өте көп. Барлық сайлау учаскелерінде 6000-нан астам мүшелер өте белсенді жұмыс істеп жатыр, олардың жұмысына табыс тілейміз. Түркістан облысының халқы өзінің конституциялық құқын толық пайдаланып, белсенді түрде бүгін дауыс берді деп ойлаймын», - деді өңір басшысы Өмірзақ Естаев. 

Түркістан облысының әкімі өз таңдауын жасады


 

Айта кетейік, №133 сайлау учаскесінің төрағасы Бегахмет Абусейтовтың берген мәліметі бойынша, қазірге дейін аталған учаскеде 432 адам дауыс беріп үлгерген. Жалпы осы сайлау учаскесіне 2376 дауыс беруші тіркелген. Оның ішінде 2112-сі студент, 264-і жергілікті тұрғындар. 

 

Өзгелердің жаңалығы