Түркістан облысындағы наубайханада тәулігіне 12 мың дана нан пісіріледі

30 Сәуір 2019, 21:42
4139
Бөлісу:
Түркістан облысындағы наубайханада тәулігіне 12 мың дана нан пісіріледі
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Шардара ауданында «Астана нан» наубайханасы жұмыс істеп келеді. Осы наубайхананың арқасында бір аудан нанмен қамтылып отыр. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі жазды.

Түркістан облысындағы наубайханада тәулігіне 12 мың дана нан пісіріледі

2017 жылы ашылған мекеменің инвестициялық құны – 61 млн теңге. Оның 50 млн теңгесі өз қаражаты есебінен, 11 млн теңгені «Ырыс» МҚҰ арқылы жеңілдетілген несиеге алған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ауданға ұйымдастырған пресс-тур кезінде БАҚ өкілдері аталған кәсіпорынның жұмысымен танысты. 

Наубайхана тәулігіне 12 мың дана нан пісіруге қауқарлы. Мекеме басшысы Мұрат Маликов алдағы уақытта өнім көлемін арттыруды жоспарлап отырғанын айтады.

Түркістан облысындағы наубайханада тәулігіне 12 мың дана нан пісіріледі

«Қазіргі таңда, елді мекендерге 5 бағыт бойынша нан таратып келеміз. Тауарымызға деген сұраныс күн өткен сайын артып келеді. Бастапқыда 6 мың нан дайындасақ, қазір өнім көлемін 2 есеге артып отыр. Мұнда нанның 4 түрін дайындап жатырмыз. Алдағы уақытта кондитерлік өнімдер өндіру жоспарлануда», - деді Мұрат Маликов. 

Мекемеде 13 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Жұмысшылардың орташа жалақысы 70 мың теңге. 


Түркістан облысындағы наубайханада тәулігіне 12 мың дана нан пісіріледі

Өзгелердің жаңалығы