Түркістан облысында 10 айда кәмелетке толмағандарға қатысты 212 қылмыс анықталды

3 Қараша 2021, 17:08
885
Бөлісу:
Түркістан облысында 10 айда кәмелетке толмағандарға қатысты 212 қылмыс анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысында жыл басынан бері кәмелетке толмағандарға қатысты 212 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.

Бұл туралы Үкімет жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы кезінде Білім және ғылым министрінің Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңесшісі Раиса Шер айтты.

Ол Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректерімен бөлісті.

Осы жылдың тоғыз айында Түркістан облысында кәмелетке толмағандарға қатысты 212 (57%) қылмыстық құқық бұзушылық, 31 суицид фактісі, 28 сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі, 16 жасқа дейінгі адамдармен 24 іс-қимыл фактісі, 15 жас баланы азғыру фактісі және 16 кәмелетке толмағандарды зорлау фактісі болды, - деп айтты Раиса Шер.

Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңесшісі Раиса Шер облыстағы білім беру жүйесінің 40 нысанын тексеру кезінде білім беру мекемелері әкімшілігінің кәмелетке толмағандардың білім алу және даму құқықтарын толық қамтамасыз етпейтінін, оқудан қашатын жасөспірімдерге дер кезінде шара қолданбайтыны анықталғанын айтты.



Өзгелердің жаңалығы