Бас жаңалықтар
Түркістан облысында «Жүргізуші, жол бер!» акциясы өткізілді
24 Қараша 2020, 16:20 166

Түркістан облысында «Жүргізуші, жол бер!» акциясы өткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрт сөндіру қызметтік көліктеріне жол бермеу салдарынан, көмекке шақырған тұрғындардың көпшілігіне көмек кешігіп барады. Тіпті кейбір көліктердің өрт сөндіру көліктеріне соқтығысуынан жол апаттары да жиі орын алып жатады. 

ТО ПД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осындай келеңсіздіктердің алдын алу мен болдырмау мақсатында Түркістан облысы Полиция департаментінің Сарыағаш АПБ қызметкерлері мен Төтенше жағдай басқармасы қызметкерлері «Жүргізуші, жол бер!» акциясын жүргізді. 

Дабылын қосып, полицияның сүйемелдеуімен қала көшелерінде жүрген өрт сөндіру көлігіне арасында жол бермеген жүргізушілер де кездесті. Полиция қызметкерлері оларды тоқтатып, жол қозғалысы маңыздылығын түсіндіріп, 2 автокөлік иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 598-бабымен хаттамалар толтырды. Кейбір жүргізуші байқамай қалғандықтарын айтып ақталса, енді бірі алдағы уақытта заңды ескеретіндіктерін жеткізді. 

Осылайша, Сарыағаш қаласының маңызды көшелері мен көпқабатты тұрғын үйлердің арасымен жүріп өткен арнайы қызметтік көліктер мұндай іс-шараны өткізуді дағдыға айналдыратындықтарын жеткізді. Құрметті Түркістан облысының тұрғындары өрт сөндіру, жедел жәрдем көліктерін көрсеңіз, міндетті түрде жол беріп, адамгершілік танытуларыңызды сұраймыз, - делінген ТО ПД хабарламасында.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...