Түркістан облысында «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр
16 Қазан 2021, 14:48 578

Түркістан облысында «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында «Жолда қабылдауда» жадынамалар таратылып, сұрақтарға жауап берілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ай сайын екі күн қатарынан өтетін «Жолда қабылдау» республикалық акциясы қазан айында да өз жалғасын тапты. Яғни, таңғы сағат 09:00-ден кешкі 19:00-ге дейін полицейлер тұрғындарды азаматтарды қабылдау кеңсесінде қабылдап, сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар республикалық маңызы бар жолдарда жүргізушілерге түсіндірме жұмысын жүргізіп, жол қозғалысы ережесі, статистикалық мәліметтер жазылған арнайы жадынамалар таратты.

Айта кетер жайт, бұл жолы полицияға жергілікті тұрғын: «Неге қазіргі таңда жол-көлік оқиғалары көп болып кетті? Бірінші кезекте қандай қателіктер жіберілуде?» деген өзінің көкейіндегі сұрағын қойды. 

Бұл сауалға полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков жауап берді.

Көбіне жол апаттары жүргізушілердің жылдамдықты шектен тыс асыруы себебінен болып жатыр. Мәселен жыл басынан бері орын алған жол-көлік оқиғаларының 53%-ы көлікті қатты айдау салдарынан болады, - деді ол.

Ол әрбір мәселені ашық айтып, талдап берді. Сонымен қатар шетел көліктеріне қатысты заңдарды білгісі келген тұрғын да нақты жауап алып, өз алғысын білдірді.

Ал жүргізуші куәлігінің уақыты өтіп кеткеніне төрт жыл болған егде жастағы тұрғынға, оны қайта қалпына келтіруге еш кедергі жоғы айтылды. Іс-шара барысында облыс тұрғындары Полиция департаментінің Facebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы онлайн режимде де жүргізілді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...