Түркістан облысында жезөкшелер притоны жойылды

18 Қыркүйек 2020, 08:30
2379
Бөлісу:
Түркістан облысында жезөкшелер притоны жойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды жойды, деп хабарлады Polisia.kz.

Сайрам аудандық ПБ-ның полиция қызметкерлері республика көлемінде жүргізілген «Стоп-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақсукент ауылында орналасқан демалыс орындарының бірінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтап, жойды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жоғарыда аталған притонда жеңгетайлық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады, - делінген хабарламада.
Бұл жайт ҚР ҚК-нің 309-бабы («Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық») бойынша СДТТБТ-да тіркелді. Жедел уәкілдер анықталған притоннан ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсеткен жеңіл жүрісті 4 қызды ұстады. Олардың үшеуі Өзбекстан Республикасының азаматтары болса, біреуі жергілікті тұрғын болып шықты. Тәртіп сақшылары ұсталғандарды полиция бөліміне жеткізіп, жеңіл жүрісті қыздарды профилактикалық есепке алды.

Түркістан облысының ПД қызметкерлері адам саудасымен байланысты қылмыстарды анықтау, алдын алу, болдырмау мақсатында тұрақты түрде, күнделікті қонақ үйлер мен ойын-сауық орындарын, монша кешендерін және басқа да нысандарды тексеріп отыратынын ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы