Түркістан облысында жаңбыр суы көшелер мен үйлерді басып қалды

15 Мамыр 2022, 15:00
1365
Бөлісу:
Түркістан облысында жаңбыр суы көшелер мен үйлерді басып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Түркістан облысында қатты жаңбыр жауды. Нәтижесінде Қазығұрт ауданының 11 көшесі, 20 тұрғын үй, 62 аула және 67 шаруашылық құрылыстары су астында қалды. ТЖД өңірдегі суды сорғызуда.

Қазығұрт ауданында жауын-шашынға байланысты көшелер мен аула аумақтарын су басты. Қазіргі уақытта тұрғын үйлерді су басуына жол бермеу мақсатында ТЖД қызметкерлерінің көмегімен жаңбыр суын сору жұмыстары жалғасуда. Қазығұрт ауданында 11 көше, 20 жеке тұрғын үй, 67 шаруашылық ғимарат, 62 аула су астында қалды. Жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері суды аумақтан сорып алады. Аудандық өрт сөндіру бөлімдері мен бекеттері, жергілікті ауыл әкімдіктері көшелер мен үйлердің аулаларынан су тартып жатыр, — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы