Бас жаңалықтар
Түркістан облысында жаңа жолдардың сапасы бақылауға алынды
13 Қараша 2020, 09:27 153

Түркістан облысында жаңа жолдардың сапасы бақылауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша  Департаментінің жанынан құрылған «Сапалы жол – адалдық алаңы»  жобалық кеңсесінің 10 айлық қорытындысы бойынша  мәжіліс өтті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.   

Мақсаты – облыс аумағында бюджет есебінен төселген жолдардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру және мемлекет бюджетін тиімді жұмсау.

Шараға облыс әкімінің бірінші  орынбасары Арман Жетпісбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай, «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Мухит Ахметов, бейне-селекторлық байланыс арқылы  қала/аудан әкімдері  қатысты.

Мәжілісті  ашқан облыс әкімінің орынбасары жергілікті атқарушы органдардың міндеттерінің бірі – бюджет қаражатын тиімді пайдалану екенін атап өтті.

Ең бастысы, қаражатты қажетті нысандардың құрылысына жұмсау  қажет. Сондай-ақ, нысандардың  сапасын қадағалап,  жолдардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру керек, – деді Арман Жетпісбай.

Мирас Қарғабайдың айтуынша, жыл басынан бері тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» өңірдегі филиалының, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қызметкерлерінің, Арнайы мониторингтік топ мүшелерінің және  жергілікті әкімдік пен мердігер мекеме басшыларының, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің қатысуымен облысқа қарасты 14 қала/аудандардың автокөлік жолдарына  мониторинг жұмыстары жүргізілген.    

Жиын барысында жаңадан төселген жолдардың  сапасы мен қауіпсіздігін арттыру бойынша ұсыныс-пікірлер ортаға салынып, мониторинг нәтижесінде анықталған кемшіліктерді болдырмау мәселелері талқыланды.   


Фото: дереккөз
Загрузка...