Түркістан облысында жаңа ТЖД ғимараты мен өрт сөндіру бөлімі ашылды
PHOTO
16 Қазан 2021, 15:42 1985

Түркістан облысында жаңа ТЖД ғимараты мен өрт сөндіру бөлімі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 қазанында Құтқарушылар күні қарсаңында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті  ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті. 

Ғимараттың құрылысы 2020 жылдың мамыр айында басталды. Ғимараттың жалпы ауданы 1,5 гектарды құрайды.


Шараға Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай, ТЖМ және облыстардың, републикалық маңызы бар қалалардың ТЖД басшылары қатысты.Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай құттықтау сөз сөйледі.


Сол күні жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды. Өрт сөндіру бөлімі Түркістан қаласының аумағына кіретін Яссы, Отырар, Шауғар, Бірлік, Бекзат шағын аудандарының 50 мыңға жуық тұрғынына қызмет көрсететін болады.


4 автомобильге арналған өрт сөндіру бөлімі өртті сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін анайы техникамен жарақталды.


Шара аяқталған соң Юрий Ильин аумақты аралап, техниканы, өрт мұнарасын, Апаттар медицинасы орталығының, өрт сөндіру бөлімі мен мұражай ғимараттарын көрді.


Сонымен қатар Министр және шараға қатысушылар ғимараттың айналасына ағаштар отырғызды.


Түркістан облысының өртке қарсы қауіпсіздігін 38 өрт сөндіру бөлімшесі қамтамасыз етеді. Күн сайын тәуліктік кезекшілікке 253 өрт сөндіруші және 190 өрт сөндіру техникасы шығады.




Фото: дереккөз
Загрузка...