Бас жаңалықтар
Түркістан облысында вагон өртенді
PHOTO VIDEO
20 Қыркүйек 2021, 15:02 344

Түркістан облысында вагон өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының өрт сөндірушілері 3,5 тонна бензин құйылған цистерна жарылысының алдын алды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін сағат 12.45-те Түркістан облысы ТЖД жедел кезекші бөліміне Сайрам ауданы Ақсукент ауылында «Ақсукент-Қарабұлақ» жолы бойындағы бір вагонның жанғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына тез арада Түркістан облысы ТЖД күштері мен құралдары №3 жоғарғы рангпен жіберілді.


Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген бойда «ҚазТрансойл» мұнай базасында цистерналарды толтыру кезінде цистерналардың біріндегі бензин жанған. Цистернадағы бензиннің алдын ала көлемі 3,5 тонна (құрамында саны 20 цистерна).

Түркістан облысының өрт сөндірушілері вагонда шыққан өртті сағат 14.04-те сөндірді. Онда 3,5 тонна бензин құйылған бензин бар болатын. Өртті сөндіруге Түркістан облысы және Шымкент қаласы ТЖД 47 қызметкері мен 10 техникасы, өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды, - делінген хабарламада.
Жедел жәрдем ақпараты бойынша мұнай базасының 2000 жылы туған бір қызметкерін күйік шалып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...