Түркістан облысында су тасқынынан келер қауіп жоқ – ТЖД

2 Наурыз 2021, 22:24
1341
Бөлісу:
Түркістан облысында су тасқынынан келер қауіп жоқ – ТЖД

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы аумағында су тасқыны жағдайы Сырдария өзенімен тікелей байланысты болғандықтан қатаң бақылауға алынған. Өзеннен бастау алатын каналдардың елді мекендерге қаупі жоқ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті басшысы Нұрғали Жүнісов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Бүгінгі таңда Сыр өзенінің арнасында судың ағысы қалыпты. Өңірде жалпы саны 40 су қоймасы орналасқан. Қараусыз қалған су қоймалары жоқ. Қазіргі таңда Шардара су қоймасының толуы 77%, Көксарай су реттегішінің толуы 37 % құрайды.
Сырдария өзені аумағында орналасқан елді мекендердегі дамбаларды қайта зерделеу жұмыстары жүргізілді. Барлық су қоймалар мен өзен сулары департамент қызметкерлерінің күнделікті бақылауында. Көктемгі су тасқыны қауіпті маусымда департаменттің жалпы 284 жеке құрамы мен 34 бірлік техника, 12 дана қайық пен 35 дана мотопомпа дайындыққа келтірілген,-деді департамент басшысы.

Сондай-ақ, төтенше жағдайлар қызметкерлері тұрғындарды иісті газдан уланудан сақтанып, өрт қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Негізінен жыл басынан бастап облыс аумағында 59 өрт дерегі тіркелді. Өрттен 143 млн 370 мың теңге материалдық шығын келтірілді. 
Өзгелердің жаңалығы