Түркістан облысында соңғы үш жылда инвестиция көлемі 5 есе өскен

19 Қараша 2021, 13:56
801
Бөлісу:
Түркістан облысында соңғы үш жылда инвестиция көлемі 5 есе өскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

Өмірзақ Шөкеевтің сөзінше, соңғы 3 жылда облыс экономикасына 1,4 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталып, 5 есе өскен.

Жалпы, облыс құрылғалы бері құны 396 млрд теңгеге 6 300 жұмыс орнын ашумен 114 инвестициялық жоба іске қосылды. Осы жылдың 10 айында инвестиция көлемі 479 млрд теңгені құрады. Жыл басынан 166 млрд теңгеге 26 жоба іске қосылып, 1,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, -дейді ол.

Сондай-ақ, Шөкеевтің айтуынша, өнеркәсіп кәсіпорындарының көбі Шымкентте қалып қойған. Ендігі мақсат - облыс өнеркәсібін құру екенін айтты.

Өнеркәсіп саласына келетін болсақ, облыс болып қайта құрылған кезде, өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындардың басым бөлігі Шымкент қаласында қалып қойды. Сондықтан біздің басты мақсатымыз облыста өндіріс саласын қайта құру болды. Облыстың өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында жеке инвестиция есебінен ірі жобалар іске атқарылуда, -деді Түркістан облысының әкімі.

Әкімнің сөзінше, отандық «Саутс Ойл» ЖШС компаниясы - өңіріміздегі ең белгілі инвестор 7 инвестициялық жобаларын жүзеге асыруда, олар:

«Састөбе» химиялық кешені» - 136,6 млрд теңге (каустикалық сода, ПВХ, кальций карбиді, цемент өндіру. Іске асыру мерзімі 2021- 2023 жылдар, жұмыс орны 1 000).

Мұнай өңдеу зауытыны - 130 млрд теңге. (5 класты мотор отынын және мұнай-химия өнімдерін өндіру. Қуаты жылына 2 млн. тонна көмірсутек шикізатын өңдеу бойынша мұнай-химия комбинаты. 2021-2022 жылдар, жұмыс орны 650).

Фосфор кендерін өңдеу зауыты - 129,9 млрд теңге. (іске асыру мерзімі 2022 – 2025 жылдар, жұмыс орны 1 120).

Тұрмыстық техника өндірісі - 36 млрд теңге. (іске асыру мерзімі 2021-2023, жұмыс орны 2 163.)

Цианид натрия өндіретін зауыт - 25,8 млрд теңге. (іске асыру мерзімі 2021-2023 жылдар, жұмыс орны 300).

Мыс барлау және өндіру зауыты - 216,6 млрд теңге (іске асыру мерзімі 2022-2025 жылдар, жұмыс орны 1000).

Жобалардың 5-уі біздің облысымызда. Осылардың ішінде ерекше атап айтатын құны 1,5 млрд теңге құрайтын Көмір-химия комбинаты салынды, -деді Шөкеев.

Өзгелердің жаңалығы