Түркістан облысында ретро-айтыс өтті

7 Желтоқсан 2021, 20:15
2966
Бөлісу:
Түркістан облысында ретро-айтыс өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Мәңгілік ел жырлайды» тақырыбында республикалық ақындар ретро-айтысы өтті.

Түркістан облысында ретро-айтыс өтті

Дүбірлі додаға Бөрібай Оразымбет, Серік Қалиев, Бекарыс Шойбеков, Ақмарал Леубаева, Маржан Есжанова, Анар Жаппарқұлова, Кәрима Оралова, Айбек Қалиев сынды шайырлар қатысты. 

Түркістан облысында ретро-айтыс өтті

Айтыста ақын Ханбибі Есенқарақызы, жазушы Мархабат Байғұт, ақын Нармахан Бегалиев, драматург Сая Қасымбек, ақын Сәбит Әбдірайымов сынды азаматтар қазылық етті. 

Түркістан облысында ретро-айтыс өтті

Жыр додасының жүргізушісі белгілі сықақшы Көпен Әмірбек.

Түркістан облысында ретро-айтыс өтті

Ретро айтыста 4 жұп өнер көрсетіп, сайыс нәтижесінде бас жүлдені түркістандық Бекарыс Шойбеков иеленді. Ал, бірінші орын Серік Қалиевке бұйырса, екінші орынды Анар Жаппарқұлова, ал үшінші орынды Айбек Қалиев еншіледі. 

Түркістан облысында ретро-айтыс өтті

Бақ сынаған өзге айтыскерлерге арнайы жүлделер табысталды. 

Түркістан облысында ретро-айтыс өтті

Қазылар алқасының төрағасы, жазушы Мархабат Байғұт ұйымдастырушылар мен айтыскерлерге алғыс білдірді. 

Түркістан облысында ретро-айтыс өтті

Өзгелердің жаңалығы