Түркістан облысында мектеп түлектері Абайдың ескерткішін орнатты

17 Маусым 2021, 18:28
2537
Бөлісу:
Түркістан облысында мектеп түлектері Абайдың ескерткішін орнатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Мақтаарал ауданына қарасты Достық ауылдық округі Ж.Қалшораев елді мекеніндегі Қ.Әбдалиев жалпы орта мектебінің 2000 жылы оқу бітірген түлектері 20 жылдық мерейтойы аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнап қазақтың бас ақынының ескерткішін орнатты.

Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұдан бөлек, 20 жылдық түлектер туып-өскен ауылдарына заманауи аялдаманың құрылысын жүргізіп, сыйға тартқан. Әрине, Ж.Қалшораев ауылының жастарының ауызбіршілігі мен ұйымшылдығы көз қуантады. Тіпті, әр жылы түлеп ұшқан түлектер мектеп аумағын абаттандыру жұмыстарын жасап, стадион мен автотұрақты да салып берген.

Түркістан облысында мектеп түлектері Абайдың ескерткішін орнатты

Ескерткіштің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова мен Достық ауылдық округінің әкімі Талғат Абибуллаев қатысып, туған жеріне жанашырлық пен белсенділік танытып жүрген түлектерге үлгі боларлық істері үшін алғыстарын айтып, марапаттады. Жергілікті ауыл ақсақалдары мен ауыл билері туған жерді түлетуге атсалысып жүрген жастарға шексіз ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.

Айта кетейік, іс-шара барысында мектептің биылғы алтын белгіге бітірген үздік оқушылары ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқып, өздерінің шығармашылықтарын паш етті.


Өзгелердің жаңалығы