Түркістан облысында қысқы мал азығы дайын

3 Қыркүйек 2021, 18:05
2121
Бөлісу:
Түркістан облысында қысқы мал азығы дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысындағы мал басына қажетті 3,9 млн тонна жем-шөп қоры 100% жиналды. 

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Егістікті әртараптандыру нәтижесінде оның көлемін едәуір арттырып, 4 млн тоннадан асыру көзделген. Биылғы қуаңшылыққа қарамастан өңірдегі агросектордың жұмысы жемісті. Осы бағыттағы жұмыстармен танысу үшін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Ордабасы ауданына арнайы іс-сапармен келді. Өңір басшысы Бөген ауыл округіндегі «Мұрат» шаруа қожалығының жоңышқа мен жүгері алқабын аралап көрді. Шаруалар жоңышқаның әр орымынан (1га) 200 мың теңгеден астам пайда беретінін, дәнді дақылдың биылғы түсімінің де табысты болатынын болжады.

Түркістан облысында қысқы мал азығы дайын

Ордабасы ауданының жеміс-жидек, бау-бақша өнімдерін қыстан қалай аман алып шығамын деп алаңдамайтын болды. Себебі өңірдегі ауыл шаруашылық саласындағы көшбасшы мекеме – «Александровский сад» ЖШС-нің көкөніс сақтау қоймасы іске қосылуда. Жалпы құны 0,8 миллиард теңгелік жоба тек аудан тұрғындары ғана емес өңір шаруаларының да қажеттілігін қамтамасыз ете алмақ. Жобаға «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 624 млн теңге, ал кәсіпкер есебінен 200 млн теңге жұмсалған. Қойма Ресей мен Қытай технологиясымен жабдықталған. Мұнда 1500 тоннаға дейін дайын өнім сақтауға болады. Бірегей жоба үшінші тоқсанда іске қосылады деп жоспарлануда.

Кәсіпорын директоры жаңа жобаның мүмкіндіктері мен өндіріс көлемін ұлғайту туралы жоспарларымен бөлісті.

Өзгелердің жаңалығы