Түркістан облысында бетон зауыты іске қосылды

22 Шілде 2019, 19:02
2406
Бөлісу:
Түркістан облысында бетон зауыты іске қосылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Кентау қаласында бетон өндіретін "Фахри СтройБетон" ЖШС-і іске қосылып, жұмысын бастады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа зауыт м150-м450 маркалы бетондарды өндіреді. 

20f06743-0060-4fd5-89ee-8c2d2f4530c5.jpg

Өндіріс орны қазіргі таңда 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауыт сағатына 3 текше метрлік 120 дана бетон өңдеуге қауқарлы. 

Бүгінгі таңда шығарылған бетондардың барлығы дерлік Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларға жіберілуде. 

ea9adf1d-484c-414c-903c-40eef470a1cf.jpg

"Кәсіпорында 15 HOWО камазы, 1 жүк машинасы, 1 автобетон-насос көлігі бар. Зауыттағы бетон жасап шығаратын құрылғылардың барлығы Түркия елінен әкелінген. Серістестік басшылығы болашақта зауыт аймағын ұлғайтып, өнім көлемін көбейтуді мақсат етіп отыр", - делінген баспасөз хабарламасында.


Өзгелердің жаңалығы