Бас жаңалықтар
Түркістан облысында 3 млн тонна көкөніс пен бақша өнімдері жиналды
21 Қыркүйек 2021, 04:40 220

Түркістан облысында 3 млн тонна көкөніс пен бақша өнімдері жиналды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында күзгі жиын-терім жүріп жатыр. Бүгінге дейін 3 млн тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдері жиналды. Жыл соңына дейін күзгі өнімнің жалпы көлемі 3,5 млн тоннаға жеткізіледі, деп жазды otyrar.kz.

Қазіргі таңда 1,1 млн тонна көкөніс, 1,7 млн тонна бақша, 290 мың тонна картоп және 61 мың тонна жеміс-жидек жиналды.

Еске салайық, еңбек өнімділігін еселеп арттыру бағытында облыстың климаттық ерекшелігін пайдалана отырып, «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы іске асырылуда. Биыл 9 мыңға жуық гектарда 2 мыңға жуық жоба жүзеге асырылуда.

Бүгінде бірінші өнімнен 160 мың тоннадан астам көкөніс өнімі жиналып, 60 мың тоннадан астам екінші өнім жиналды. Жылыжайлар 90 гектардан астам алқапқа салынып, жалпы көлемі 1 424,6 гектарды құрады.

Бүгінгі күнге, жылыжайларда қияр, қызанақ, бұрыш секілді жалпы 145 мың тоннадан астам өнім өндірілді.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...