Түркістан облысында 173 мыңға жуық зейнеткерге 8,7 млрд теңге төлем жүргізілген

5 Желтоқсан 2020, 01:31
1452
Бөлісу:
Түркістан облысында 173 мыңға жуық зейнеткерге 8,7 млрд теңге төлем жүргізілген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында жалпы 172 693 зейнеткер бар. Оларға есепті мерзімде 8,7 млрд теңге көлемінде зейнетақы төлемі жүргізілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне қарасты Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Сабыржан Дадаметов мәлімдеді.

Оның айтуынша, департамент негізгі 3 бағыт бойынша жұмыс істейді.
Департамент әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясатын 3 бағыт бойынша атқарады. Олар: зейнетақымен және әлеуметтік жәрдемақылармен қамсыздандыру; медициналық-әлеуметтік сараптама; әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу. Мәселен, департаментпен 2020 жылдың 10 айында халыққа әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша 15 мемлекеттік қызмет түрінен жалпы 142 мыңнан астам қызмет көрсетілді, - деді Сабыржан Икрамұлы.

Департаментпен мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу, сондай-ақ, куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау бойынша мемлекеттік қызметті Департаментке қарасты 10 медициналық-әлеуметтік сараптама көрсетеді. Ол 2020 жылдың 10 айында 23 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2020 жылдың 1 қарашасына облыс бойынша мүгедектер саны - 94 952 адамды немесе облыс халқы санының 4,7%-н құрады. Бұл республика бойынша жалпы мүгедектер санының 13,8 пайызы. Мүгедектердің жалпы санының 14 564-і (15,3%) – 18 жасқа дейінгі балалар, 78 580-і (82,7%)- 18 жастан жоғары ересектер. Облыс бойынша мүгедектікке алғашқы шығудың қарқынды көрсеткіші төмендеуде. Мәселен, 10 мың халыққа шаққанда 23,9 жағдай, бұл өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 4,5 есе төмендеп отыр, - деді департамент басшысының міндетін атқарушы.

Мүгедектік ауруы санаттары бойынша ересектер арасында қан айналым жүйесі аурулары, қатерлі ісік жағдайлары жиі кездессе, 18 жасқа дейінгі балалар арасында дамудың туа біткен аномалиялары, жүйке жүйесі аурулары көп.

Үшінші бағыт бойынша, жалпы 2020 жылдың 10 айында 67 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау заңнамасы талаптарының бұзылуы бойынша 44 ұйғарым берілген. Ал 17 объектіге ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 83-бабы 1 бөлігіне сәйкес, 1 млн 178,3 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, ол толығымен бюджет есебіне өндірілген.

 



Өзгелердің жаңалығы