Бас жаңалықтар
Түркістан облысында 134 өзен мен көлде балық өсіріледі
13 Сәуiр 2021, 14:14 211

Түркістан облысында 134 өзен мен көлде балық өсіріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы жасанды балық өсіру бойынша елімізде көш бастап тұр. Тауарлы балық өсіруге жарамды 134 өзен - көл облыс аумағында орналасқан.

Оның ішінде 88 жергілікті маңызы бар су айдыны балық шаруашылығы мақсатында табиғат пайдаланушыларға берілген. Қосымша 46 жергілікті маңызы бар су айдыны қайта конкурсқа қойылып, осы жылдың 2-жарты жылдығына дейін толығымен бекітілетін болады.
Бүгінгі таңда өңірде балық шаруашылығымен қуаттылығы жылына 8 мың тоннадан асатын 133 кәсіпорын айналысады. Оның ішінде үш ірі кәсіпорын бар.
Сондай-ақ, мемлекет тарапынан акваөсіруге пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын шығындардың 30% субсидиялау бағдарламасы балық шаруашылығын дамытуға оңды ықпалын тигізуде, - деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Сарапшылар Түркістан облысындағы жасанды балық өсіру саласының жоғары әлеуетін атап өтті. Бұдан басқа, мемлекет тарапынан акваөсіруге пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын шығындардың 30% субсидиялау бағдарламасы балық шаруашылығын дамытуға оңды ықпалын тигізуде.

Айта кету керек, өңірдің тауар өндірушілері жоспарланған 1 600 тонна балық өнімінің 2020 жылы Әзербайжан, Грузия, Израиль, Ресей, Қытай және Өзбекстанға 2801,7 тонна балық экспорттап, жоспарды артығымен орындады.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...