Түркістан облысы шаруаларына "ақылды ферма" кұру жолдары түсіндіріледі

12 Маусым 2019, 21:48
2656
Бөлісу:
Түркістан облысы шаруаларына "ақылды ферма" кұру жолдары түсіндіріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Агроөнеркәсіптік кешкенді цифрландыру аясында Түркістанда 13 маусымда "Е-АПК" Іскерлік ойыны" форматында оқыту семинары өтеді, деп хабарланды Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында.

Іс-шараға Ауыл шаруашылығы министрлігінің, облыстық әкімдіктің, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің, IT-мамандардың, цифрлы шешімдерді жеткізушілердің, қаржы институттарының өкілдері қатысады.

"Іс-шараның мақсаты цифрлы ферманың даму стратегиясын әзірлеу, фермерлерді "цифрлық ойлауға" үйрету болып табылады. Іскерлік ойынға қатысушылар өз фермаларының дамуына арналған жол картасын жасайды, процестердің қаржылық және технологиялық модельдеуін жүргізеді. Бизнес ойынға қатысу фермерге "ақылды ферма" құру және дамыту механизмін түсінуге көмектеседі", - делінген таратылған ақпаратта. 

Өзгелердің жаңалығы