Түркістан: Карантин тәртібін мобильді топтар қадағалауда

14 Қаңтар 2021, 22:10
1404
Бөлісу:
Түркістан: Карантин тәртібін мобильді топтар қадағалауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен мобильді топтардың жұмысы күшейтілген болатын. 

Карантин кезінде белгіленген жұмыс кестесі мен қауіпсіздік ережелерін сақтамау әлі де кездеседі. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін мобильді топтар ұдайы рейд жүргізіп, карантин талаптарының сақталуын қадағалап жатыр. 

Атап айтсақ, Келес ауданында мониторинг топтар мыңға жуық нысанды тексерген. Карантин шектеуін сақтамай, ережені бұзғандарға айыппұл салынуда. Ережелерді елемейтіндерді полиция қызметкерлері, еріктілер, тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы өкілдері, аудан әкімдіктері анықтайды. Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы