Шөкеев: Биыл Түркістан толығымен газбен жылыту жүйесіне көшеді

11 Тамыз 2020, 18:56
2226
Бөлісу:
Шөкеев: Биыл Түркістан толығымен газбен жылыту жүйесіне көшеді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан қаласындағы барлық жылыту қазандығы газбен жылыту жүйесіне көшеді. Аталған жұмыстар биылғы жылыту маусымына дейін аяқталуы тиіс. Орталық жылу қазандықтарын қатты отыннан табиғи газға ауыстыру арқылы қаламыздың басты мәселесіне айналып отырған экологиялық проблеманы шешуге мүмкіндік туады, – деді облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласын аралау барысында.

4db1d725-b74e-4dd1-b6fe-c02f0dcaabb0.jpg

Облыс басшысы қаладағы мәдени-рухани орталық аумағын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Мұнда инженерлік инфрақұрылым құрылысы, яғни сумен жабдықтау және кәріз жүйесін орнату жүргізілуде. Аймақ басшысы тұрғындарға арналған серуен құратын демалыс орындары мен мәдени ошақтарда жүріп жатқан жұмыстардың барысын бақылады. Қалалық саябақ аумағының инженерлік инфрақұрылым жүйелері 80%-ға аяқталған. Аяқжол тақталары төселіп, субұрқақтар салынған.

0cf33538-e4cb-4a96-987b-1be5cf71898e.jpg

Бассейні бар спорттық кешенінің айналасы абаттандырылып, ағаштар отырғызылуда. Заманауи үлгіде бой көтеретін нысан 1300 орынға лайықталған. Аумағы 11 515 шаршы метрді құрайды. Айта кетейік, шаһарда мемлекет қаржысына ғана емес, шетелдік инвесторлардың қатысуымен де құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы