Бас жаңалықтар
Түркістан әуежайынан орындалатын халықаралық рейстер саны артады
03 Сәуiр 2021, 14:03 183

Түркістан әуежайынан орындалатын халықаралық рейстер саны артады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 3 мамырынан бастап Turkish Airlines әуе компаниясы түркі әлемінің рухани астанасы - Түркістан қаласынан Стамбұлға тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр.

Түрік әуе компаниясы Түркістан мен Стамбұл қалалары арасында Б-737 әуе кемесімен аптасына 3 тұрақты рейс орындайды (сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері).

Бұдан басқа 2021 жылғы 17 мамырдан бастап отандық лоукост тасымалдаушы Fly Arystan (Air Astana компаниялар тобы) компаниясы Түркістан мен Стамбұл қалалары арасында орындалатын рейстер санын аптасына 7-ге дейін (күн сайын) ұлғайтпақ.

Осылайша биыл мамыр айынан бастап екі қала арасында аптасына 10 тұрақты жолаушылар рейсі орындалады.

Сонымен қатар Түркістаннан Бішкекке (Қырғызстан), Ташкентке (Өзбекстан) және т.б. бағыттарға жаңа рейстер ашу жоспарда бар. 

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.


Фото: дереккөз
Загрузка...