Түркістан әуежайы жылына 3 млн жолаушыны қабылдайды

1 Желтоқсан 2020, 17:09
3568
Бөлісу:
Түркістан әуежайы жылына 3 млн жолаушыны қабылдайды
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан халықаралық әуежайына алғашқы рейстің қонуына байланысты баспасөз конференциясы өтті.

Air Astana компаниялар тобының президенті Питер Фостер әуежайдың құрылысы мен оны пайдалануға беру уақыты көңіл аударарлық болғанын айтты.

Түркістан әуежайы жылына 3 млн жолаушыны қабылдайды

Мен бір жыл бұрын осы жерге келгенде дархан дала болған. Бір жылдан кейін осындай әлемдік санаттағы әуежайдың салынғанына куә болып отырмыз. ҚР Тұңғыш Президентіне осы өңірді дамыту мен әуежай құрылысына көңіл бөлгеніне алғыс айтамыз, - деді ол.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Жетпіспай Түркістан әуежайы Тұңғыш Президент күні алғашқы ұшақты қабылдағанын айтты.
Елбасының тапсырмасына сәйкес, соңғы екі жылда Түркістанда бірқатар жаңа нысан салынды. Оның көп бөлігі іске қосылды. соның ішінде Түркістан әуежайы да бар. Әуежай жылына 3 млн-ға жуық жолаушыны қабылдай алады. Әуежайдың іске қосылуы Түркістанның дамуына жаңа серпін береді деп сенеміз,- деді ол.
Әуежай құрылысын түріктің YDA компаниясы жүзеге асырды. Нысанның құрылысында жаңа технологиялар пайдаланылған. 

Түркістан әуежайы жылына 3 млн жолаушыны қабылдайды

YDA холдингінің төрағасы Хусейн бей бүгін Қазақстан үшін тарихи күн екенін атап өтті. 

Түркістан әуежайы жылына 3 млн жолаушыны қабылдайды

Түркістан әуежайы жаңа технологиялармен жарақтандырылған. Екі қабаттан тұратын нысанның төменгі бөлігі ішкі рейстердің, үстіңгі қабаты сыртқы рейстердің ұшуына бейімделген. 

Түркістан әуежайы жылына 3 млн жолаушыны қабылдайды

VІP жолаушылардың бөлмесі де бар. 

Түркістан әуежайы жылына 3 млн жолаушыны қабылдайды

Түркістан әуежайы жылына 3 млн жолаушыны қабылдайды

Пандемия кезінде жолаушылардың жағдайын тексеруге бағытталған термо-аппарат та жұмыс істеп тұр.

Түркістан әуежайы жылына 3 млн жолаушыны қабылдайды

Айта кетейік, әуежай құрылысына шетелдік инвестиция тартылды. Құрылыс кезінде мыңға жуық жұмыс орны ашылып, 750 қазақстандық жұмысшы еңбек еткен.

Өзгелердің жаңалығы