Бас жаңалықтар
Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті. LIVE
31 Наурыз 2021, 16:50 1051

Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті. LIVE

Нұр-Сұлтан, Түркістан қаласы, BAQ.KZ тілшілері Аягөз Құрмаш, Лаура Тілеубайқызы.

Бүгін, 31 наурыз күні - Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті. Жиынға Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Бағдад Әміреев қатысады.



ЖАҢАРТУ


19:09 – Бейресми кеңестің жұмысы осымен аяқталды.

19:08 – Қасым-Жомарт Тоқаев:

Қазіргі жаһандық саясатта түркітілдес елдердің ынтымақтастығының маңызы зор. Өңірлік мәселелер бойынша өз қөзқарасымызды білдіруіміз керек. Біз барлық бастамаларымызды сіздермен бірлесіп жүзеге асыруға әзірміз. Түркістан декларациясының қабылдануымен барлығыңызды құттықтаймын. Стамбул қаласында кездескенше аман болайық.



19:07 – Білім беру саласында ынтымақтастықты дамыту - басты факторлардың бірі. Жастардың заман талабына бейімделуіне жол ашу үшін ұлы түркілер университтер қорын құру арқылы жүзеге асыра алады. Біз халықаралық қазақ-түрік университетінде бауырлас елдердің жастары оқу үшін 50 грант бөлуге дайынбыз. Түркістан шаһары әлі толық зерттелген жоқ. Сондай-ақ ынтымақтастықтың белгісі ретінде Түркістанда ортақ ғимарат салсақ - құба-құп, - деді Мемлекет басшысы.

19:06 – Қасым-Жомарт Тоқаев: Түркітілдес елдер арасында қазіргі заманғы талаптарға сай жасанды интеллектіні дамытуға, цифрландыру мен заманауи технологиялар бағытындағы жобаларды бірлесіп атқаруға шақырамыз. Бұл бағыттағы ынтымақтастық инновацияларды игеруге, бәсекеге қабілетті дамытуға мүмкіндік береді. Қазақстанда бұл жүйелерге басымдық берілуде. Біз осы салада сіздермен тәжірибе алмасуға әзірміз.

19:03Індетті тоқтатудың бірден-бір жолы азаматтарды вакцинамен жаппай қамтамасыз ету екені айдан анық. Екпе салу бойынша бір-бірімізді қолдау дұрыс деп санаймын. Елдер арасында вакцинаға қақтығыс басталып кетті. Осы күрделі кезеңде биоқауіпсіздіктің маңызы арта түсті. Пандемия бұрын-соңды болмаған экономикалық дағдарысқа әкелді. Біздің елдеріміз үшін алыс-берісті ұлғайту басты міндеттің бірі. Осы орайда Түркістанның сауда-экономикалық әлеуеті зор. Түркі елдерінің арнайы экономикалық аймағын құруды ұсынамын. Су мәселесі біздің аймақтағы күрделі проблемаға айналып отыр. Осы орайда өздеріңізбен бірлесе гидроқұрылымдар жобасын салуды ұсынып отырмыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

19:00 – Қасым-Жомарт Тоқаев осы басқосуда айтылған пікірлер елдердің болашағы мен мақсаты бір екенін көрсеткенін айтты.

18:59 – Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Бағдад Әміреев:

Түркітілдес инвестициялық қорды тезірек құру үшін қатысушы елдердің отырысын өткізуді орынды деп санаймыз. Сонымен қатар біздің елдеріміздің шағын және орта бизнесін қолдау үшін Транскасспий көлік дәлізі ынтымақтастық тетігін нығайтуды, порттарда жасыл дәліз құруға көңіл аударуды ұсынамыз, жүктерді тасымалдау жүйесін цифрландыруды сұраймыз.

18:56Соңғы екі жылда 10-нан астам ел түркі кеңесінде бақылаушы болуға ниет етті. Пандемияның өршуі түркі мемлекеттерінің қарым-қатынасына әсер етті. Хатшылық 2020 жылдың қыркүйегінде ДДСҰ-мен меморандумға қол қойды. Биыл Стамбулда тарихи саммит өткіземіз. Онда түркі әлемі үшін тарихи маңызы бар бірнеше шешім қабылданады. Бүгінгі тапсырмаларды іске асыру мақсатында ұсыныстар бар, - деді Әміреев. 

Ол түркі әлемінің 2040 жылға дейінгі жоспарды аяқтап, келесі отырыста қабылдауға ұсынатынын айтты.

18:52Барлық сын-қатерлер мен қиындықтарға қарамастан 2020 жыл түркі әлемі үшін маңызды әрі тиімді жыл болды. Түркі кеңесі Таулы Қарабақтағы соғыс кезінде сіздердің аттарыңыздан Әзербайжанды қолдауға тырыстық. Түркі халықтары бауырлас қырғыз еліне де қолдан келгенше көмек көрсетті. Халық жаңа көшбасшыға дауыс берді. Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты құттықтай отырып, түркі тілдес елдердің дамуына үлкен үлес қосады деген үміттеміз, - деді Бағдад Әміреев.



18:52 – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Бағдад Әміреевке сөз берді.

18:51 - Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан: 

Түркі тілдес елдер кеңесіне алғысымыз шексіз. Ынтымақтастық арқасында жаһандық сауданың тоғыз пайызға төмендегеніне қарамастан, әріптестік негізінде біздің саудамыз өткен жылы үш пайызға өсті. Қазақстанмен өзге де байланысымыз нығайып келеді. Өткен жылы сіздердің бес мың талапкерден біздің оқу орындарында оқуға өтінім келді. Өз эксперттеріңізді Будапештке жібергендеріңізге рақмет. Ол жақта елшіліктің ашылуына үлкен үлес қостыңыздар.

18:50Қазір Еуропа одағы бойынша алғашқы болып вакцина жасап жатырмыз. Біздің халықтың 25 пайызы вакцина ектірді. Біз - Еуроодақтағы прагматикалық жалғыз елміз. Вирус мүлдем жаңа жағдайларды жасауға итермелеп отыр. Біз түркі өнеркәсіп және сауда палатасының кеңесі өтеді деген үміттеміз. Инвестициялық қор құруды өте маңызды деп есептейміз. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін бюджет қажет. Біз қажетті бюджетті бөлуге дайынбыз, - деді Мажарстан Премьер-министрі.



18:43 – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанға сөз берді.

18:39 – Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов:

Көлік және коммуникация - экономиканың негізгі секторларының бірі. Және түркі тілдес елдердің бұл бағытта бірлесе жұмыс істеу әлеуеті зор, үлкен мүмкіндікке жетер еді. Қазір Түркіменстан заманауи халықаралық көлік дәліздерін жасау үшін жұмыс істеуде. Бұрын Түркіменстан бастамасымен БҰҰ Ассамблеясы көлік дәлізін дамыту резолюциясын қабылдаған болатын. Бауырлас елдер осы істе бірігеді деген үміттемін.

18:34 – Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов жиналыста қабылданатын шешімдер бүкіл тараптың мүддесіне жауап беретініне үміт артатынын айтты. 

Біздің мемлекет жаһандық ұсыныстарды маңызды деп есептейді. Біз осы саммитте халықаралық деңгейдегі маңызды болып табылатын жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және әділетті түрде энергияны пайдалану аясында Түрікменстан тиімді әрі сенімді жүйені жасамақ. Осыған байланысты біздің ел жаһандық энергетикалық қауіпсіздік бойынша келіссөздер жүргізуді ұсынып отыр. Ол Бас ассамбелея тарапынан қолдау табады деген үміттеміз. Энергетикалық қауіпсіздік жүйесін құруға мүдделі елдерді бірге жұмыс істеуге шақырамыз, - деді Түрікменстан басшысы.

18:32 – Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов:

Бауырлас елдерді елде бейбіт саясатты жүргізудегі көмектеріңіз үшін баршамыздың атымыздан алғыс білдіремін. Сонымен қатар өз атымнан Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа қонақ ретінде шақырғаны үшін зор алғыс білдіремін.



18:29 – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саммитке қонақ ретінде қатысып отырған Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке сөз берді.

18:26 – Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев кеңеске қатысушы елдер арасында мәдени тур ұйымдастырып, осы арқылы туризмге үлес қосуды және бауырлас елдер тарихын тереңірек тану жөніндегі ұсынысын айтты.

18:24 – Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев:

Түркі кеңесі ортақ тіл мен дінге негізделген. Өңірлік ынтымақтастық үшін негізгі тетік. Бірлесе отырып өз әлеуетімізді қолдануымыз керек. Және осы жылда бізде жаңа мақсаттар пайда болды. Ол - экономикалық байланысымызды нығайту. Оны құжатпен негіздегеніміз абзал. Бизнесті дамыту үшін өңірлік ынтымақтастықты нығайту, инвестициялық жобалар да жүзеге асырылуы тиіс.

18:21Түркістан қаласы болашақта дами түсетініне көз жеткіздік. Құрылыс нысандары көп салынады. Осы мүмкіндікті пайдаланып Таулы Қарабақты өздеріне қайтаруымен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті құттықтаймын, – деді Өзбекстан Президенті.

18:20 – Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев:

Әлишер Науаи Ахмет Яссауиді өте жоғары деңгейдегі ғалым ретінде бағалаған. Ол мұсылман әлеміне ислам дінін таратушы ретінде де танымал екенін білеміз. Жалпы біздің ежелгі ғалымдарымыз бір-бірімен тарихи байланыста болған. Ортақ мұра болғандықтан Яссауидің еңбектері біздің елде де жоғары бағаланады.

18:18 – Шавкат Мирзиёев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа саммитті ұйымдастыру жөніндегі бастамасы үшін алғыс білдірді. Түркістанды түркінің рухани астанасы ету өте маңызды екенін атап өтті.



18:16 – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке  сөз берді.

18:08Қожа Ахмет Яссауидің рухани нұсқауынан бізді айырмасын. Қазір әлемнің басына қиындық төнді. Біздің ынтымақтастығымызға сызат түспесін. Пандемияның экономикаға әсер етуін әлсіздендіру үшін біздің елдер біріге жұмыс істеді. Таулы Қарабақтағы соғыстың аяқталуымен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті құттықтаймын, - деді Түркия басшысы.

18:04 – Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған:

Баршамыз Түркістан қаласында кездесеміз деген үмітте едік. Алайда пандемия мақсатымызға кедергі келтірді. Дегенмен достықта қауышар күндер алда деген сенімім мол. Баршаңызды Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Бірлігіміз беки берсін.



18:01 – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанға сөз берді.

17:57Біз теңізге шығатын жол арқылы түркі секторын көліктік инфрақұрылымды жақсартқымыз келеді. Менің ойымша, осы арқылы Транскаспий халықаралық дәлізінің әлеуетін пайдалануға мүмкіндік аламыз. Түркі тілдес мемлекеттердің кеңесі аумағындағы теміржолдарды құру Қытай мен Орта Азияға шығуға мүмкіндіктер ашады, - деді Қырғызстан Президенті.

17:52 Қазіргі кезде әлем пандемиядан зардап шегіп жатыр. Әлем мен барлығымыз өзгердік. «Жалғыз талдан орман шықпайды» деген қырғыздың дана сөзі бар. Біз індетті түркі тілдес мемлекеттермен бірігіп жеңе аламыз. Бүгін Түркі кеңесі біздің елдеріміздің интеграциямыздың ірі платформасына айналды. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үлкен үлес қосты. Қырғыз тарапы интеграция платформасы туралы құжатты толық қолдайды. Келесі кездесуде ол құжат толық қабылданады деп ойлаймын, - деді Садыр Жапаров.

17:51 – Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров:

Қожа Ахмет Яссауидің тарихы қырғыздармен де байланысты. Кейбір зерттеулерде Ахмет Яссауи Үзгенттен болған делінген. Яссауи Үзгент қаласынан Түркістанға келген деген деректер бар. Бұл қала ғылым мен білім орталығы ретінде танымал жер.

17:49 Мен саммитке алғаш рет Президент ретінде қатысып отырмын. Бүгінгі саммит онлайн өтсе де, бетпе-бет кездесеміз деп үміттенемін. Мен Қырғыз Республикасының Президенті ретінде ресми сапармен барғанда жылы қабылдағаныңыз үшін көп рақмет, - деген Қырғызстан басшысы Қазақстан мен Өзбекстан Президенттеріне алғыс білдірді.




17:46 – Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров:

Түркістан қаласының тарихи мұра ретіндегі рөлі үлкен. Ол ортақ құндылықтар ретінде түркітілдес әлемінің негізгі мұрасының бірі. Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі тілдес елдер достығы мен бауырластығының бекуіне қосқан үлесіне жоғары. Сізге алғыс білдіргім келеді.




17:45 – Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа сөз берді.

17:33 – Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев:

Армениямен мәселені бұрын бейбіт жолмен шешуге болар еді. Қазір Армения келіссөзден бас тартуда. 

17:31 – Ильхам Әлиев Қарабаққа қатысты БҰҰ резолюция шығарғанын айтты.

Армения Әзербайжанды толығымен босатуы туралы айтты. Бірақ тәжірибеде бұл резолюция жүзеге асқан жоқ. ИЫҰ мен өзге ұйымдар Әзербайжанның ұстанымын қолдаған еді. 1992 жылы миссия жасалған болатын. Бірақ ол жұмыс еш нәтиже берген жоқ, - деді Әлиев.

17:28 – Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев:

Өткен жылы сәуірде Әзербайжан бастамасымен түркі тілдес елдер саммитін ұйымдастырдық. Ол коронавируспен байланысты болды. Бұл біздің ынтымақтастық талпынысымызды білдіреді. Бірлескен саммиттерді тұрақты түрде ұйымдастыруға тырысамыз.



17:27 – Сөзді Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев алды.

17:27 – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев:

Түркістанда халықаралық әуежай ашылады. Мұнда барлық ұшақ қонады. Халықаралық деңгейде шаралар мен саммиттер өтеді. Қала түрленуін жалғастырады.

17:26 – Елбасы ОҚО Түркістан болып өзгергенін айтты. 

Бірнеше жылда Түркістан өзгерді. Бұл жалғасын табады. Жаңа әуежай ашылды. Онда ұшақтың барлық түрі қонады. Бұл ежелгі қала әрі қарай гүлдене береді. Мәдени және өте ірі іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Түркі тілдес бауырларымыз Түркістанға келеді деген үміттеміз. Осы қалада жиналысты өткіземіз деген үміттемін. Саммит наурыз айында өтіп жатыр. Бұл табиғаттың қайта қалпына келіп, жандануының символы. Елдеріңіз жандана берсін, - деді Елбасы.


17:24Вашингтон – Ресей Бейжіңмен келіссөздер жүргізілді. Бұл бастаманы Ресей мен Қытай қолдады. Ядролық қарусыздану мәселесін көтерген адам ретінде БҰҰ ҚК тұрақты өлшеулері және Еуроодақтың мүшелеріне бір-біріне қарама-қарсы тұрмай, келіссөз жүргізуді ұсындым. Басқа жол жоқ, - деді Елбасы.

17:23Біз бір-бірімізден көп нәрсе үйрене аламыз. Латын әліпбиін қолдану бізге ортақ даму береді. Біз жастарымызды бірге дамыта аламыз. Мен 17 түркі тілдес ынтымақтастық кеңесінің саммитіне қатыстым. Мені құрметті төраға ретінде сайлағандарыңызға өте қуаныштымын. Тағы бір алаңдаушылық тудыртатын мәселе - коронавирус індетінің тарауы жалғасуда. Өткен жылы ішкі өнімнің 9 пайызы мен 800 млн адам әртүрлі зардапты басынан кешірді, - деді ол.

17:22 – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев:

Түркі тілдес мемлекеттердің болашағы жөніндегі құжатты қабылдауымыз керек. Оны Бакуде өтетін саммитте талқылауымыз қажет. Ұлы Жібек жолы гүлдену үшін Каспий теңізі маңыздағы елдер дамуда.

17:20 Біз өзара сауда және инвестицияны дамыту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Әзербайжан өзінің тұтастығына ие болды. Баку мен Ереван арасында Ресейдің қолдауымен ынтымақтастық орнады. Ұлы Жібек жолы дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Транскаспий дәлізі әрі қарай дамып, өзінің үздік және қысқа жолын ашып жатыр, - деді Елбасы.

17:192020 жылы басталған пандемия әлемді түбегейлі өзгертті. Қазір көп қиындыққа душар болдық. Бірақ түркі елінің ұрпағы сияқты біз адамгершіліктен бас тартпадық. Ешқандай кедергіге қарамастан біз жұмысымызды жалғастырамыз, - деді Елбасы.



Фото: Мұрағаттан

17:18 – Елбасы:

Түркі әлемінің өте маңызды көшбасшыларының бірі Қожа-Ахмет Яссауи салған және біздің тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Түркия елі біздің тәуелсіздігімізді алғашқы болып растады. 

17:17 – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әр саммитке қатысушы елдер Президенттеріне алғыс білдірді.

17:15 – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев саммит қатысушыларымен сәлемдесті.



17:13 – Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сөз берді.



17:10 – Бейнефильмде Түркістанның туристік әлеуеті мен тарихы, инфрақұрылымдық мүмкіндігі, шетелдік елдермен байланысы туралы ақпарат қаланың жаңа ғимараттарын көрсетумен сүйемелденіп ұсынылған.

17:07 – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:

Біздің мақсатымыз - жиырма бірінші ғасырдағы түркі әлемін мәдени кеңістікке айналдыру. Оны Қожа Ахмет Яссауидің әлемімен таныстыру үшін саммитті Түркістанда бастадық.



17:07 – Саммитте Түркістан туралы арнайы бейнефильм көрсетіліп жатыр.

17:05 – Мемлекет басшысы алғашқы болып Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөйлейтінін айтты.

17:04 – Тоқаев бұл саммит Түркістанда ұйымдастырылуы керек екенін айтты. Алайда эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн форматта өтіп жатқанын айтты. Сондай-ақ Президент барлығын Наурыз мейрамымен құттықтады.



17:03 – Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті басталды. Бейресми саммитті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ашты.



16:50 – «Қазмедиа» орталығына БАҚ өкілдері ақпарат тарату үшін жиналды.



ЖАҢАРТУ


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...