Бас жаңалықтар
Туризм комитеті отандық туризмді қалай дамытатындарын айтты
14 Маусым 2021, 18:14 577

Туризм комитеті отандық туризмді қалай дамытатындарын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-да ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков айтты.

Басым туристік аумақ - бұл республикалық туристік карта объектілерінің тізіміне енгізілген, туристік дамудың ерекше әлеуеті бар аумақ.

Бұл аумақ ресурстарды туризмді дамытудың неғұрлым перспективалы нүктелеріне шоғырландыру мақсатында құрылады.

Өздеріңіз білетіндей, бұған дейін салалық мемлекеттік бағдарлама ТОП-10 туристік дестинацияны анықтаған болатын, енді біз оларды заңнамалық түрде бекітеміз. Ал заңға тәуелді актілермен нақты әкімшілік-аумақтық шекаралар айқындалады, - деп атап өтті ол.

Бұл аумақтарда инвесторлар және қазақстандықтардың ел ішіндегі демалысын ынталандыру үшін ерекше артықшылықтар болады.

Атап айтқанда, инвесторға корпоративтік табыс салығынан, қосылған құн салығынан, жер салығынан босату және жер учаскелері түрінде заттай грант беру түрінде инвестициялық жеңілдіктер беріледі.

Инвесторларды қызықтыру үшін заңда осы преференцияларды алу үшін инвестициялардың ең төменгі көлемін 200 мың АЕК-ке дейін (2022 жылы 600 млн теңге) төмендету көзделген. Бұл ретте басқа салалардағы инвестициялық жобалар бойынша бұл шек 2 млн АЕК немесе 10 есе артық. Ал демалушы қазақстандықтар турпакет құрамын қоса алғанда 14 жасқа дейінгі балалар авиабилеттерінің құнын субсидиялау жүйесін енгізу есебінен ТОП-10-ға демалу бойынша артықшылықтарды көре алады, - дейді Дастан Рыспеков.

Фото: дереккөз
Загрузка...