«Туристік қамқор» корпоративтік қоры қазақстандық туристерге үндеу жасады

8 Қаңтар 2022, 15:56
1363
Бөлісу:
«Туристік қамқор» корпоративтік қоры қазақстандық туристерге үндеу жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазір жағдайдың оңай еместігін түсінеміз, алайда дүрбелеңге де негіз жоқ. 

Елімізде қалыптасқан жағдай демалысқа кеткен азаматтарды да, алдағы күндері сапарлайтындарды да алаңдатып отыр. Бірде-бір турист қараусыз қалмайтынын хабарлаймыз, туроператорлар мүмкіндігінше туристерді қонақүйлерге орналастыру, Қазақстанға жөнелту және ұйымдастыру бойынша барлық шараларды жасайды, - деп жазды «Туристiк Қамқор» Instagram-дағы парақшасында.

Сонымен бірге, аталған қор сыртта жүрген туристерге көмек көрсетуге қатысады және туристік коды бар барлығына қолдау көрсетуге кепілдік береді.

Әуе компаниялары рейстер ұйымдастырды, бүгін Пхукеттен туристер жеткізілуі мүмкін. Жақын күндері елден ұшатын туристер бойынша әзірге нақты алгоритм жоқ, веб-сайттарды, авиакомпаниялардың хабарламаларын бақылап, туристік агенттіктермен және туроператорлармен байланыста болыңыз. Ең бастысы, дүрбелеңге түспеңіз және мүмкіндігінше байланыста болыңыз. Біздің сенім телефонымыз 8701 534 05 80, ресми сайт – www.fondkamkor.kz, - деп түсіндірді қор.

Өзгелердің жаңалығы