Туристерге арналған «Eqonаq» жүйесі іске қосылды

18 Маусым 2021, 05:17
1328
Бөлісу:
Туристерге арналған «Eqonаq» жүйесі іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанға келетін барлық шетелдіктер туралы мәлімет жинайтын бірыңғай жүйе іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Енді туристер елге кірерде сансыз құжаттар толтырып отырмайды. Оның орнына «EQONAQ»  ақпараттық жүйесі арқылы онлайн тіркеледі. Ал қонақ үй қызметкерлері бұған дейін келушілері туралы мәліметті көші-қон комитетіне өткізуге міндетті болған. Бұл қосымша осы процесті толығымен автоматтандыруға мүмкіндік береді. Оған қоса, пандемия кезінде бизнеске қолайлы жағдай жасау үшін «EQONAQ» жүйесін «Ashyq-пен» біріктіру жоспарланған. Жобаны заңды түрде мақұлдаса, оған бюджеттен 86 миллион теңге бөлінеді.

Өзгелердің жаңалығы