Қазақстан COVID-19-бен күресте Түркиямен тәжірибе алмасты

11 Тамыз 2020, 16:21
1521
Бөлісу:
Қазақстан COVID-19-бен күресте Түркиямен тәжірибе алмасты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған делегация Түркияға барып, ауруханасын аралап, жергілікті дәрігерлердің озық әдістемелерімен танысты.

Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

photo5303064153109409294.jpg

ДСМ министрі Алексей Цой Анкараға арнайы барып, коронавируспен күресте Түркия тәжірибесімен танысып қайтты.

Батпандап кіріп, мысқылдап шығып жатқан індет іргемізден әлі кете қойған жоқ. Денсаулық сақтау министрлігінің дегенін орындап, вирустың таралу өсімін тоқтаттық. Дегенмен, күрестің күші бәсеңдемейді. Түбі бір тілекшіміз түрік ағайындар да білгенімен бөлісуге дайын. Вирусқа қарсы "соғыстағы" басты жауынгер Алексей Цой Анкараға арнайы барып келді. Ауруханасын аралап, дәрігерлердің озық әдістемелерін сұрады. Қолданыстағы ресурсты тиімді қолдану бойынша пікір алмасты. Өз кезегінде қазақстандық делегациясына бастап барған Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Түрік тарапына еліміздегі қабылданған шаралар туралы баяндап берді, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Ералы Тоғжанов жаһан жұртшылығының төбе шашын тік тұрғызған індетпен күресте одан әрі бірлесіп әрекет етуге шақырды. 

photo5303064153109409295.jpg

Атап айтқанда, дәрі-дәрмек пен науқастарды емдеуге қажетті жабдықтар өндірісі бойынша әріптестік орнатуға уағдаласты. Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрі Фахритин Кожа қазақ делегациясының барлық ұсынысы назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Ералы Тоғжанов пен Алексей Цойдың Түркия Республикасына сапары нақты нәтижемен қорытындыланды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы