Түрікменстан ішімдік сатуға тыйым салды

3 Қаңтар 2019, 10:22
2436
Бөлісу:
Түрікменстан ішімдік сатуға тыйым салды

Астана, baq.kz. Түркіменстанда 1 қаңтардан бастап алкоголь өнімдерін сатуға шектеу қоятын заң күшіне енді. 

Жаңа ережеге сай, енді ұшақта, пойызда, паромда, спорт кешендерінде арақ-шарап сатуға тыйым салынады.

5,6 миллион халқы бар елде енді ұлттық мерекелерде де алкоголь өнімдерін сатуға болмайды. Ал 2021 жылдан бастап сенбі-жексенбіде барлар мен мейрамханалардан басқа жерде арақ-шарап сатуға шектеу қойылмақ.

Түркіменстанды 2007 жылдан бері басқарып отырған Гурбангулы Бердімұхамедов 2025 жылға таман темекі сатуды шектейтін заң қабылдайтынын айтқан.

Өзгелердің жаңалығы