Бас жаңалықтар
Түрікменстан президенті жойғыш ұшақты тізгіндеп көрді
VIDEO
02 Тамыз 2021, 15:50 1359

Түрікменстан президенті жойғыш ұшақты тізгіндеп көрді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Балқан облысына жұмыс сапарымен барып, Қарулы Күштерге келіп түскен жаңа заманауи әскери ұшақтармен танысты. Танысып қана қоймай олардың бірін өзі жеке сынақтан өткізді.

Бұл туралы turkmenportal хабарлады.

Жаңа әскери ұшақтардың тұрағына келген мемлекет басшысы техникалық сипаттамалары бар сызбаларды, сондай-ақ басқа да әскери техниканы, макеттер мен тиісті суреттерді қарап шықты.

Содан кейін елдің Қарулы Күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы арнайы костюм киіп, сынап көру үшін жаңа әскери ұшақтың штурвалына жайғасты.

Негізінен бұл әскери әуе көлігінің өндірісі құпия ақпарат. Ол заманауи турбореактивті қозғалтқыштармен және әуе күштерінің алдында тұрған міндеттерді орындау үшін барлық қажетті құрылғылармен жабдықталған. Ол әуе кеңістігін қорғауға, барлауға, Құрлық әскерлерінің әрекеттерін қолдауға арналған, сонымен қатар әскери ұшқыштарды оқыту үшін қажет. Оның ұшу қашықтығы - 2 мың шақырымды құрайды. Ал максималды биіктігі - 13 мың 700 метрге жетеді.


Бірнеше минуттың ішінде әуе көлігі аспанға көтерілді. Ұшақты тізгіндеген Түрікменстан президенті бірнеше маневр жасады.

Мемлекет басшысы ұшақты сынақтан сәтті өткізіп, қону жолағына ұшып келді.

Қорғаныс министрі Түркіменстан президентінің киген формасын Бердімұхамед Аннаев атындағы әскери мектептің мұражайына тапсыруға рұқсат сұрады.

Президент бұл ұсынысты мақұлдап, болашақ әскери қызметшілердің бойында патриотизмді, Отанға және халыққа деген сүйіспеншілікті, ата-бабалардың салт-дәстүрлеріне ұқыпты қарауды тәрбиелеу ісінде зор маңызға ие болатынын атап өтті.


Фото: дереккөз
Загрузка...