Түрікменстан президенті Тоқаевты сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады

12 Маусым 2019, 19:30
2389
Бөлісу:
Түрікменстан президенті Тоқаевты сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының президенті сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, жауапты әрі жоғары мемлекеттік лауазымына табыс тіледі.

Тараптар Қазақстан мен Түрікменстанның тату көрші және халықтар достығына негізделген стратегиялық әріптестігі одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Сонымен қатар, көшбасшылар аймақтық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты. 


Өзгелердің жаңалығы