Түрік-иран шекарасында жойқын жер сілкінісі болды  

23 Ақпан 2020, 15:40
2314
Бөлісу:
Түрік-иран шекарасында жойқын жер сілкінісі болды  

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түрік-иран шекарасына жақын маңда магнитудасы 5,7-ге тең жер сілкінісі болды. 

Сарай қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 28 шақырым жерде жерасты дүмпулері тіркелген. Бұл туралы "РИА Новости" сайтында хабарланды. 

Эпицентрі Иранның Тебриз қаласынан батысқа қарай 141 шақырым жерде және Озалп түрік қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 71 шақырым жерде орналасқан. 

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, табиғи апаттың ошағы 10 шақырым тереңдікте жатыр.  

Ирандағы жер сілкінісі салдарынан Ван провинциясында жеті адам, оның ішінде үш бала қаза тапты. Бес адам жараланды. Үйінділердің астында әлі адамдар бар, - деді Түркия Ішкі істер министрлігінің басшысы Сулейман Сойлу. 

Айта кетейік, 2020 жылы 24 қаңтарда Түркияның шығысында магнитудасы 6,8-ге тең жер сілкінісі болған. Оның эпицентрі Элязыг провинциясында. Жер сілкінісінің ошағы 7 шақырым тереңдікте жатыр. Жер сілкінісінен кейін мыңнан аса афтершок тіркелген.  Сол кезде жер сілкінісі салдарынан 41 адам қаза тапты, 1500-нан аса адам ауруханаға түскен болатын.

Өзгелердің жаңалығы