Түрік инвесторы ШҚО-да хром байыту зауытын салмақшы

7 Желтоқсан 2021, 17:55
780
Бөлісу:
Түрік инвесторы ШҚО-да хром байыту зауытын салмақшы
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы түрік инвесторы Метин Октай «Қазақстандық жаһандық инвестициялар жөніндегі төртінші дөңгелек үстел» аясында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Біз Қазақстан нарығында 2013 жылдан бастап жұмыс істеп келеміз. Біз Қазақстанда сода өндіретін зауыт салуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ біз әкімдікпен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. ШҚО-да тұңғыш рет хром байыту зауытын салуды жоспарлап отырмыз. Бізде ондай зауыттарды Швецияда, Санкт-Петерборда, Түркия мен Албанияда сатып алған болатынбыз, - деді ол.

Метин Октай бұл жобаға 90 млн доллар инвестиция құйылатынын айтты.

Біз жылына 57 мың тонна хром өндіруді жоспарлап отырмыз. Оны іске қосу 2024 жылға жоспарланған. Біз 3 жыл жобалау жұмыстарынан кейін әкімдіктер мен жергілікті билік өкілдерімен келісім жүргізіп жатырмыз. Тау-кен орнында барлау жұмыстарын жүргізуіміз керек. Зауыт жергілікті халық үшін 300 жұмыс орнын ашады. Зауыт Қалбатаудан 14 шақырым жерде салынады. Экологияға ешқандай әсер етпейді. Ол жағын да қарастырдық, - деді Метин Октай.


Өзгелердің жаңалығы