Тұрғындар қандай қаруларды полицияға тапсырды?

25 Қазан 2021, 11:19
12237
Бөлісу:
Тұрғындар қандай қаруларды полицияға тапсырды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты.

Қарағанды облысының тұрғыны Тула қару-жарақ зауытында 1900 жылы шығарылған «Наган» маркалы шолақ револьверін тапсырды. Ол револьвер марқұм атасынан қалған сандықтан табылғанын айтқан. Комиссия револьверді Қарағанды облысы полиция департаментінің мұражайына экспонат ретінде беру туралы шешім шығарды, - деді Ораз.

Ол атағандай, Шығыс Қазақстан облысының зейнеткері өткен ғасырдың басында шығарылған «Браунинг» маркалы тапаншаның алғашқы үлгілерінің бірін тапсырған.

Бұл қарумен кезінде Бельгия мен АҚШ әскерлері қаруланған. Тапанша да экспонат ретінде облыстық полиция департаментінің мұражайына тапсырылды. Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын атап өту қажет, - деді ол.

Нұрділдә Ораздың айтуынша, соңғы 5 жылда атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар санының  төмендеуі қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін айғақтайды.

Осы жылы төмендеу 17%-ды құрады. Сатып алу бойынша іс-шаралар келесі жылдары да өткізіледі, акцияның басталғаны туралы азаматтарға БАҚ арқылы хабарланатын болады, - деді ол.

Айта кетейік, ІІМ қару-жарақ заттарын сатып алу бойынша алғашқы акция 2008 жылы өткізілді, оның нәтижелері бойынша 14 мыңнан астам атыс қаруы, 120 килограмм жарылғыш заттар, 537 мың ойық қару патрондары ерікті түрде тапсырылды. Бұл шаралар 2008 жылы атыс қаруын қолданатын қылмыстар санын 19,2%-ға қысқартуға мүмкіндік берді.

Өзгелердің жаңалығы