Тұрғын үйді басқару жүйесіне толық көшу мерзімі белгілі болды

27 Қаңтар 2021, 12:55
1536
Бөлісу:
Тұрғын үйді басқару жүйесіне толық көшу мерзімі белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ- өткен брифингте «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков айтты. 

Заңға сәйкес, 2021 жылдың 7 қаңтарына дейін көппәтерлі тұрғын үйдің иелері жиын өткізіп, көппәтерлі тұрғын үйді басқару жүйесі немесе жай серіктестікке өтуі туралы шешім қабылдауы керек еді. Алайда елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қатысты жиын кейінге шегерілді, - деді ол. 

Нұрбек Серіков атап өткендей, МИБ немесе жай серіктестікке толық өту мерзімі қалады. 

2022 жылдың 1 шілдесіне дейін барлық ескі басқару жүйесі (жеке пәтер иелері мен тұтынушылық кооперативтер) акт бойынша жаңадан құрылған МИБ мен жай серіктестікке барлық қаржылық және техникалық құжаттарды тапсырулары керек, - деді ол. 

Оның айтуынша, жеке пәтер иелері жиынды ақпараттандыру нысаны бойынша жүзеге асыра алады. 

Қазір нарықта  ондай 10 ұйым бар. Олар көппәтерлі тұрғын үйді басқару бойынша дауыс беруді онлайн жүзеге асыра алады, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы