Бас жаңалықтар
Тұрғын үй, жұмыс, білім: Елордада жастардың мәселесін шешетін орталық жұмыс істейді
PHOTO
20 Қыркүйек 2021, 18:14 796

Тұрғын үй, жұмыс, білім: Елордада жастардың мәселесін шешетін орталық жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада ескі теміржол вокзалының маңында Жастарға қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Орталыққа 1 маусымнан бері 700-ге жуық жас жүгінді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Аян Ерментаев орталықтың қызметі туралы айтып берді.


Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Сарыарқа ауданы әкімдігімен бірлесе отырып биыл 1 маусымда Жастарға қызмет көрсету орталығын ашты. Қазіргі күні жастарға тегін кеңестер беріліп жатыр. Мәселен, ең өзекті мәселелердің бірі – жұмысқа орналасу немесе тұрғын үй, - деді ол.
Басшы орынбасарының айтуынша, мұнда елордадағы жастарға арналған түрлі бағдарламалар, іс-шаралардың жиынтығы қарастырылған. Қаладағы кез келген тұрғынның өзіне қатысты бағдарламалар туралы мәліметті орталықтан алуға мүмкіндігі бар.


1 маусымнан бері 700-ге жуық жас өзіне қажетті кеңесті алып, түрлі бағдарламамен, жұмыспен толықтай қамтамасыз етілді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай алдағы уақытта тағы да осындай Жастарға қызмет көрсету орталығы ашылады. Оны қаланың 3 ауданында да ашып, жыл соңына дейін шамамен 5 мыңға жуық азаматты орталықтың қызметімен қамту жоспарланып отыр, - деп түсіндірді орталық өкілі.
Бұл орталықтың жұмысы биылмен ғана шектеліп қоймай, келесі жылы да жалғасын табады.


Орталықта түрлі салалардан келген қызметкерлер жұмыс істейді.


Оның сөзінше, бизнес ашқысы келетін жастар үшін «Атамекен» ҰКП-мен меморандумға қол қойылған. 


Ал тұрғын үй мәселесін шешу үшін «Отбасы банктің» қызметкерлері де жастарға кеңесін береді.



Фото: автордан
Загрузка...