Тұрғын үй мәселесі: Енді азаматтар мемлекеттік бағдарламаларға бір рет қана қатыса алады

23 Ақпан 2021, 09:42
2632
Бөлісу:
Тұрғын үй мәселесі: Енді азаматтар мемлекеттік бағдарламаларға бір рет қана қатыса алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Үкіметтің онлайн отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтып берді.

Министр атап өткендей, кезектілік мәселесін шешу үшін Мемлекет басшысы жергілікті атқарушы органдардағы тұрғын үй кезектілігін бере отырып, «Отбасы» банкке толыққанды даму және қолдау институтын құруды тапсырған болатын.

«Отбасы» банк жұмысының негізгі қағидаты – халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. «Отбасы» банк базасында «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталық» құрылады. Ол тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алуды, сонымен қатар тұрғын үйдің қолжетімділік сатысына сәйкес тұрғын үйді кезекке қою бойынша бөлуді орталықтандырып, жүзеге асыратын болады, - деп айтты Бейбіт Атамқұлов.
ИИДМ басшысының сөзінше, тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорларымен интеграцияланады. Базаға қайта енгізуге жол берілмейді.
Азаматтар мемлекеттік бағдарламаларға бір рет қана қатыса алады, - деді министрі онлайн отырыста.

Өзгелердің жаңалығы