Тұрғымбаев ішкі істер саласында қандай өзгерістер болатынын айтты

2 Қыркүйек 2020, 10:12
3803
Бөлісу:
Тұрғымбаев ішкі істер саласында қандай өзгерістер болатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев онлайн өткен Үкімет отырысында салада қандай өзгерістер болатынын айтты. 

Мемлекет басшысы Жолдауында құқық қорғау саласындағы реформа мәселесін қаузады. Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру бойынша материалдық заттарды беру және кадр мәселесін шешу бойынша арнайы комиссия құрылады. Республикалық бюджетке нақтылауға ұсыныс жасаймыз. Қарапайым азаматтарға қамқор болып, олардың мәселесін шешу үшін учаскелік полицияның рөлі күшейтіледі. Олардың мәртебесін заңмен бекіткен дұрыс, - деді ол. 

Министр атап өткендей, 2800 учаскелік полиция пунктінің жартысы жөндеуді қажет етеді. 

Қосымша 279 учаскелік пункт салып, қыметтік автокөлік сатып алу қажет. Түрмелер мен ғимараттарға бейнебақылау орнатуды бастаймыз. Қазір олардың саны мен техникалық жағдайын есептеуге кірістік. Сыбайлас жемқорлық бойынша министрлік агенттік пен азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп үшжақты жоспар жасады. Соңғы 3 жылда сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны 33 пайызға қысқарды. Президенттің тапсырмасын орындау бойынша қажетті шараларды қабылдайды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы