Жастар форумында тұрақты даму мақсаттары талқыланды

17 Қаңтар 2020, 14:06
1993
Бөлісу:
Жастар форумында тұрақты даму мақсаттары талқыланды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада "Жас ұрпақтың жаһандық көзқарасы" III қазақстандық жастар форумы өтті. Ауқымды жиынды "Қазақстанның балалар үйлері түлектерінің" қауымдастығы "Жастарға жол" қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырып отыр. 

Форумда 2015 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясының аясында қабылданған Тұрақты даму мақсаттары талқыланды. Басқосудың ашық форматта өтуі барлық қатысушыларға тең диалог құруға мүмкіндік берді.

Тұңғыш президент - Елбасы Н.Ә. Назарбаев жариялаған "Жастар жылы" аясында біз Шымкент және Алматы қалаларында форумның екі кезеңін сәтті өткіздік, оған мемлекеттік органдардың өкілдері, еліміздің 10 аймағындағы бизнес және қоғамдық жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Форумның қорытынды кезеңіне еліміздің барлық аймақтарынан жастар қатысты. Біздің мақсатымыз – жастардың қоғамда азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, кәсіби бағдары, олардың әлеуметтік, экономикалық және қоғамдық өмірдегі процестерге қатысуы мен белсенді ықпалына байланысты проблемалық мәселелерді анықтау және шешу жолдарын іздеу болып табылады, - дейді "Жасыл экономика және "G-Global" дамуы үшін коалиция" басқармасының төрағасы Салтанат Рахимбекова.

Жастар форумы мемлекеттік жоғары лауазымды тұлғалар және бизнестегі белсенді кәсіпкерлермен бірлесе отырып ашық ақпараттық кеңістіктің құрылуына негіз болды. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінгі күні форум тиімді сындарлы шешімдерді табатын және қазақстандықтардың өміріне оң өзгерістер енгізетін "даму құралына" айналып отыр.

WhatsApp Image 2020-01-17 at 14.04.27.jpeg

Әрине, бір іс-шара аясында барлық өзекті мәселелердің шешімін табу мүмкін емес, сондықтан форум мақсатты сессия түрінде өтті, бұл ТДМ-2030 сәйкес келетін қоғам дамуының маңызды бағыттарын қамтуға арналған. Форумның алғашқы екі жұмыс кезеңі қойылған мақсаттардың дұрыстығын растады және таңдалған әдістеменің жоғары тиімділігін көрсетті, - дейді форумның бас модераторы Айгүл Соловьева.
Өзгелердің жаңалығы