Тұрақты дамитын салаларды арттырумыз қажет - сарапшы пікірі

2 Қыркүйек 2021, 18:35
932
Бөлісу:
Тұрақты дамитын салаларды арттырумыз қажет - сарапшы пікірі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ERI Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі хатшылықтың директоры Бақытгүл Хамбар мәлім етті.

Оның сөзінше, пандемия басталғаннан бері кейбір салаларымыз өзінің шама-шарқын көрсетті.

Пандемия әсері көптеген салалардың тұрақты дамуының дұрыс екенін дәлелдеді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының Жолдауында кез келген бағыт пен бағдары тұрақты дамумен тікелей байланысты. Тұрақты даму ерекше. Себебі қысқа ілгерілеудің белгілі бір уақыт аралығында нәтижелер беруі мүмкін бірақ ол тұрақты болмайды. Мәселен, қысқа мерзімде цифрлар өзгереді бірақ тұрақты іргетасын қалыптастыра алмайтын болсақ,арты қиын соғады. Сол себепті әлеуметтік салаларды алға қоюмыз шарт. білім мен денсауылық саласын нығайтуға күш салуымыз қажет, -деді ол.

Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген негізгі мәселелерге тоқталып өтті. Оның мәлімдеуінше, Жолдау тек сыртқы проблемаларды ғана емес, халық арасындағы ішкі түйткілдерді шешу үшін мүмкіндік беріп отыр.

Агроөнеркәсіптің негізгі мақсаты тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету. Жалпы біздің әлеуметтік сала өнімдерінің сапалығы тікелей халық денсаулығына әсер етеді. Егер дені сау азаматтар капиталымен қамтамасыз ете алмайтын болсақ, онда басқа да салаларда қиындыққа ұшырайды. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде өңірлерді дамыту саясатын қолға алумыз керектігін айтты. Оның ішінде еліміздің барлық елді мекендерін ауыз сумен қамтасыз етуді тапсырма ретінде берілді. ДДСҰ сарапшыларының бағасы бойынша егер тұрғындардың ауыз суы дұрыс тазартылмаған жағдайда жерглікті халықтың ауру-сырқауының 80 пайызына себеп болады. Сондықтан бұл мәселенің маңызы зор, -дейді сарапшы.
Өзгелердің жаңалығы