Тұрақтандыру қорлары уақытылы толтырылып отыруы қажет – Бақыт Сұлтанов

12 Мамыр 2021, 10:31
2250
Бөлісу:
Тұрақтандыру қорлары уақытылы толтырылып отыруы қажет – Бақыт Сұлтанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.

Ол әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының себепсіз өсуіне жол бермеу үшін бірқатар мәселе назарға алынуы тиіс екенін атап өтті.

Бағаны тұрақтандыру бойынша барлық қабылданған шараны еске ала отырып, бұл мәселені қатаң бақылаудан қалдырмау қажет деп ойлаймын. Осыған байланысты, Асқар Ұзақбайұлы, сізден келесі тапсырмаларды беруіңізді сұраймын, - деді ол.

Министр ұсынған тапсырмалар қатарында бәсекелестікті қорғау және реттеу агенттігіне үстем бизнес субъектілерінің бағалық сөз байласуына жол бермеу мәселесін тұрақты бақылауда ұстау шаралары бар. Сонымен қатар, әкімдіктерге тұрақтандыру қорларын уақтылы толтыру және дер кезінде интервенцияларын ұйымдастыруды жүргізу ұсынылды.

Форвардтық сатып алуды 10 млрд теңгеге дейін және «айналым схемасын» қаржыландыруды 50 млрд теңгеге дейін (500 мың тонна) кеңейту. Бұл бір жағынан нарық принциптеріне лайық мемлекеттік қаржылай көмегімен бағаларды тұрақтандыруға қатысатын азық-түліктің қорын 600 мың тоннаға дейін жеткізіп, нарыққа оң әсерін көрсетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, бұл қаржы ресурстар бүгінгі коронакризис кезінде агроөнеркәсіп саласындағы жұмыс істейтін өндірушілерге үлкен көмек әкеледі. Бұл үшін Қаржы министрі баяндаған жергілікті бюджеттердің кірістерінің артығымен орындалған қаражат қолдану қажет. Бұл жұмысты аяқтау мерзімін екі аптаның ішінде белгілеуді сұраймын, - деп атап өтті ол.
Министрдің айтуынша, Сауда және интеграция, Ауыл шаруашылығы, Қаржы министрліктері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың нақты түрлері мен көлемдерін бекіту жұмыстарын жүргізетін болады.

Еске салсақ, Сұлтанов Үкімет отырысы барысында әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын ұстап тұру үшін қандай шаралар жүзеге асырылып жатқанын айтып берді.


Өзгелердің жаңалығы