Түнде ішімдік сатқан дүкеншіге 100 мың теңге айыппұл салынды

18 Сәуір 2019, 14:15
2687
Бөлісу:
Түнде ішімдік сатқан дүкеншіге 100 мың теңге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің учаскелік полиция инспекторы әкімшілік аумақты тексеру барысында түнгі уақытта этил спиртінің көлемдік үлесі 30%-дан асатын алкоголь өнімін сату фактісін анықтады, деп хабарлады Елорда Инфо.

«Алкоголь өнімдерін жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзып, этил спиртінің көлемді үлесі 30%-дан асатын сағат 21.00-ден келесі күнгі сағат 12,00-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзгені үшін 1985 жылы туған «А» есімді дүкен иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігіне сәйкес «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» туралы әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген Жергілікті полиция қызметі басқармасының хабарламасында.

Нұр-Сұлтан қаласы Мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен «А» есімді азаматша 40 АЕК көлеміндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК 200-бабы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша 70-ке жуық құқықбұзушы жауапкершілікке тартылды.


Өзгелердің жаңалығы