Самарқанд су қоймасында тұманда адасқан екі балықшы табылды

11 Желтоқсан 2019, 12:05
7747
Бөлісу:
Самарқанд су қоймасында тұманда адасқан екі балықшы табылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балықшыларды іздестіру жұмыстарына 3,5 сағат кетті, деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

10 желтоқсанда 17 сағат 20 минутта Қарағанды облысы ТЖ департаменті құтқарушылары Самарқанд су қоймасында балықшыларды іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Тұман мен жолдың нашар көрінуіне байланысты балықшы кері жолды таба алмай адасып кетті. Іздестіру жұмыстары 3 топпен, жаяу және автокөліктермен жүргізілді. Іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында жағаға тағы бір адасып кеткен балықшы жеткізілді. 3 сағат 30 минуттан кейін адасқан балықшы табылды. 1948 жылы туған ер адам жалпы әлсіздік пен шаршауға байланысты өздігінен қозғала алмады, құтқарушылар оны жағаға жеткізді. Жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккен адамның ауруханаға жатқызуды қажет етпейтінін анықтап, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді, - делінген ТЖД хабарламасында.
WhatsApp Image 2019-12-11 at 02.30.29.jpeg

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамынан 14 адам және 2 техника жұмылдырылды.

Іздеу алаңы 12 шаршы шақырымды құрады. Қалың тұман іздеу жұмыстарын жүргізуге қиындық туғызды.

Құтқарушылар зардап шеккен адаммен телефон арқылы байланысқан, алайда жолдың көрінбеуіне байланысты балықшы өзінің орналасқан жерін де көрсете алмаған.

WhatsApp Image 2019-12-11 at 06.17.11.jpeg

Сонымен қатар, телефон қуаты төмен болып, сөйлесу уақыты шектеулі болды. Біраздан кейін телефонның қуаты толығымен біткен.

Сондай-ақ, есту қабілеті төмен болғандықтан, ер адам құтқарушылар берген дыбыс сигналдарын естімеген.

Су айдынындағы шұңқырларға байланысты негізгі іздестіру шаралары акваторияны барлау арқылы жаяу жүргізілді.

Құтқарушылар кешқұрым уақытта әрі қалың тұман кезінде мұзға шығуға болмайтындығын ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы