Қазақстанның басым бөлігін тағы тұман басады

15 Желтоқсан 2019, 16:13
2689
Бөлісу:
Қазақстанның басым бөлігін тағы тұман басады
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Нұр-Сұлтан қаласында және 5 облыста дабылды ескерту жасады.

16 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы ­– 90-95%. 

16 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерінде тұман күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

Нұр-Сұлтан қаласында 15 желтоқсанда таңертең және күндіз тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 95-100%, - делінген хабарламада.

16 желтоқсанда күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күшеюі кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.  

16 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.  

16 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерінде тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

   

Өзгелердің жаңалығы