«Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы өтті

17 Қараша 2021, 09:42
1082
Бөлісу:
«Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының қалалық кезеңі өтті.

Байқауды «Qazaq Epos» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» және Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақалаларындағы міндеттерді және «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының «Парасатты және зияткер қоғам» бағытын іске асыру мақсатында ұйымдастырған.

Байқауда 6-10 сынып оқушылары «Едіге батыр» жырын жатқа айтты. Сонымен қатар, жыр ішіндегі жекелеген оқиғалар мен жер-су атауларына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Байқауға «Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сақтаған Сәдуақасов, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы жанындағы «Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі» кеңесінің төрағасы Ерлан Дәкенов, «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының бөлім басшысы Дария Қозыбаева, «Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігінің төрағасы жазушы, қоғам қайраткері Үзбен Құрманбайұлы қазылық етті.

Қалалық кезеңде оқушылар алдын ала өткізілген жеребе бойынша 6 жұпқа жұптасып, өнер көрсетті.

Байқаудың қорытындысы бойынша, әділ қазылар шешімімен, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша келесі оқушылар жеңімпаз атанды:

І орын: Марат Гүлназым, (№54 мектеп – лицейі, 7-сынып)

ІІ орын: Шырынбай Кәусар, (№86 мектеп – гимназиясы, 7-сынып)

ІІ орын: Әбдірашева Ақгүл, (№81«Astana English School» мамандандырылған гимназиясы, 7-сынып)

ІІІ орын: Төлеубаева Айым, (Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп- лицей, 8-сынып)

ІІІ орын: Серикбаева Майра, (№55 орта мектеп, 7-сынып)

Өзгелердің жаңалығы